Menu HELPDESK

Бір-бірімізге қуаныш сыйлай жүрейік!


Міне, соңғы бірнеше жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы балалар мен қарттарға арнап жаңа жылдық ертегі тарту етіп келеді. Әр жыл сайын қойылымдар мен концерттердің бағдарламалары алуан түрлі болып, балалардың сүйікті кейіпкерлерімен қоса жаңа ертегілердің де батырлары оларға қуаныш пен қызықты сәттер сыйлап, қарт көрермендердің көңілдерін көтеріп, жүректерін жылулыққа бөлеп жүр. 

Режиссер Диана Әкімбаева, концертмейстер Гүлнар Жидилова және дирижер Аршат Шарипов бастаған консерватория студенттері мен Қазақ ҰОБТ артистерінің қатысуымен өткен биылғы жаңа жылдық ертегіміз де өз көрермендерін тапты. «Солнышко» балалар мен қарттар және мүгедектер үйінде ұсынылған И.Морозованың музыкасына қойылған «Золотой ключик» ертегісі олар үшін есте қаларлық үлкен уақиға болды. Қойылымды тамашалаған көрермендер мен орталық ұжымы ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Бір-бірімізге қуаныш сыйлай жүрейік! Жаңа жыл тек қуанышы мен жақсылығы мол жыл болсын!





Альбомдарға оралу