Menu HELPDESK

Екіжақты меморандумға қол қойылды

Бүгін «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Шараға «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ төрағасы Данияр Нұрашұлы Есин, консерватория ректоры м.а. Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Әбдірахман Гүлнар Бахытқызы, Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор м.а. Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы мен консерваториямыздың бірқатар қызметкерлері қатысты. Меморандумның негізгі мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету, оның әдіснамалық және ғылыми-зерттеу негізін нығайту саласында тікелей және өзара тиімді
ынтымақтастық орнату болып отыр.

IMG-20210212-WA0002.jpg

IMG-20210212-WA0003.jpg

IMG-20210212-WA0000.jpg
Альбомдарға оралу