Menu HELPDESK

Ф.Гендельдің сонаталары орындалған камералық музыка кеші өтті


19 мамыр күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында Ағарту дәуірінің атақты композиторы Георг Фридрих Гендельдің скрипка мен фортепианоға арналған сонаталары орындалған камералық музыка кеші өтті.

Концерттік бағдарламада атақты композитордың № 2, 4 және 6-сонаталары орындалды. Жиналған тыңдарман қауымның құлақ құрышын қандырған музыкалық туындыларды скрипкада Еркін Мырзағалиев құйқылжытса, Қанат Мәлікайдар фортепианода сүйемелдеп, өз шеберлігін танытты.






Альбомдарға оралу