Menu HELPDESK

Hertfordshire Press британ баспасының өкілімен кездесу өтті

14 қыркүйекте Құрманғазы атындағы ҚҰК-да Hertfordshire Press британ баспасының өкілі Ангелина Красногирмен кездесу өтті. Баспа өкілі консерватория студенттері мен оқытушыларын британдық баспалар: Еуразиялық шығармашылық гильдиясы, «ECG академиялық сериясы», британдық «OCA magazine» журналы жобаларын жүзеге асыруға атсалысуға шақырды. 
Еуразиялық Шығармашылық Гильдиясы әлемнің жүздеген мәдениет қайраткерлерін: жазушылар, музыканттар, хореографтар, иллюстраторлар, графикалық дизайнерлер, мүсіншілер мен ақындарды біріктіреді. Өзін шығармашыл тұлға санайтын кез-келген адам Гильдия мүшесі бола алады.
«ECG академиялық сериясы» жобасы авторларға өзінің ғылыми еңбегін Лондонда орыс, ағылшын және әлемнің өзге тілдерінде ең аз шығынмен «лимиттелмеген басып шығару талабы бойынша» жарыққа шығаруға бірегей мүмкіндік береді. Екі жоба аясында кітапты шығару құнына мыналар кіреді: британдық ISBN болуы; кітапты әлемдегі екінші кітап сақтау қоймасы – британдық кітапханаға және Legal Deposit-ке таныстыру, сондай-ақ кітапты Amazon кітап сату алаңына орналастыру және IX Халықаралық фестиваль шеңберінде таныстыру; Гильдия сайтында, гильдияның әлеуметтік желілерінде, тоқсан сайынғы «OCA magazine» британдық журналында ақпарат жариялау.


Open Central Asia (OCA) Magazine – ағылшынтілді аудитория мен бұрынғы КСРО елдерінің тұрғындары үшін 2009 жылдан бастап Лондонда Silk Road Media Group Еуразиялық Шығармашылық гильдияның (Лондон) қолдауымен шығатын тәуелсіз журнал. Журнал ұлттық мәдениеттерді дәріптейді, оқиғаларды жария етеді, пікірталасуға, идеялармен алмасуға және іскерлік ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ мәдени және туристік байланыстарды дамытуға ықпал етеді.

Журнал әрбір шығармашыл тұлғаға өз творчествосы туралы бүкіл әлемге ағылшын тілінде басылым бетінде тегін айтуға бірегей мүмкіндік береді. Hertfordshire Press баспасының жобаларына қатысу шарттары жайлы толық ақпаратты мына мекен-жайға angelina@ocamagazine.com жазу арқылы білуге болады.

 

Альбомдарға оралу