Menu HELPDESK

«Испан музыкасы» концерті өтті



2023 жылдың 15 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында Виго жоғары музыка консерваториясы профессорларының «Испан музыкасы» атты концерті өтті.

 

Концерт бағдарламасында Виго консерваториясының оқытушылары испан композиторларының шығармаларын орындады. Орындаушылар: аталмыш оқу орнының ректоры, кларнетші Эстебан Вальверде, Рафаэль Йебра (Саксофон), Северино Мануэль Ортис Рей (фортепиано), Марио Перис Салом (скрипка), Мануэль Моралес (флейта), Хосе Мануэль Фернандес Гонсалес (фортепиано).

 

Айта кетейік, 13 наурыздан бері Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында консерваториямызға арнайы іссапармен келген Испаниялық қонақтарымыз оқу-білім ордасында шеберлік-сыныптарын өткізуде.
























Альбомдарға оралу