Menu HELPDESK

Камералық музыка фестивалі аясында шеберлік сыныптары өтті



2022 жылдың 22 қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында V халықаралық камералық музыка фестивалі аясында шетелдік танымал музыканттардың шеберлік сыныптары өтті.

Консерватория студенттері мен магистранттарына халықаралық конкурстардың лауреаты, Итака қаласы (АҚШ, Нью-Йорк штаты) университетінің фортепиано кафедрасының профессоры, Music fest Perugia фортепиано факультетінің мүшесі Дмитрий Новгородский «Фортепиано шеберлігі сабақтарын», ал Ресейдің еңбек сіңірген артисі, халықаралық конкурстардың лауреаты, Мариин театры симфониялық оркестрінің виолончельдер тобының концертмейстері Олег Сендецкий «Виолончель шеберлігі сабақтарын» өткізді.













Альбомдарға оралу