Menu HELPDESK

Консерваторияға Испан елінен қонақтар келді



2023 жылдың 13 наурызында Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында CONSERVATORIO SUPERIOR DE MÚSICA DE VIGO (Виго, Испания) – Виго музыкалық консерваториясының өкілдері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына арнайы іссапармен келді. Испаниялық музыканттар алдағы бір апта ішінде консерватория білім алушыларына шеберлік-сыныптарын өткізбек.

 

Делегация құрамында Виго консерваториясының ректоры Эстебан Вальверде, Erasmus+ бағдарламасының үйлестірушісі Хосе Фернандез, сондай-ақ, оқытушылар Рафаэль Йебра (Саксофон), Северино Мануэль Ортис Рей (фортепиано), Марио Перис Салом (скрипка), Мануэль Моралес (флейта), Хосе Мануэль Фернандес Гонсалес (фортепиано) болды.

 

Ректор Жүдебаев Арман Әділханұлы бастаған консерватория басшылығы сыйлы қонақтарды құрметпен күтіп алып, сый-сияпаттарын жасап, оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Шетелдік әріптестеріміз де өз қонақкәделерін жасап, ризашылықтарын білдірді. Тараптар әріптестік ынтымақтастықтарын бұдан да нығайтуға уағдаласты.

 

Айта кетейік, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Виго музыкалық консерваториясы соңғы жылдарда Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында бірлесе жұмыс атқарып келеді. Студенттеріміз бен магистранттарымыз аталмыш оқу орнында бір семестр мерзімде білім алып, тәжірибе алмасып жүр.









































Альбомдарға оралу