Menu HELPDESK

Консерваторияға Ш.Қалдаяқов атындағы филармониядан қонақтар келді


DSC_1339.JPG

Бүгін консерватория ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы Ш.Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясынан келген қонақтарды қабылдады. Шымкенттік өнер ордасы өкілдерін аталмыш ұжымның директоры, Мәдениет саласының үздігі, композитор Бейсеқожаев Нұрсат Саттарұлы бастап келді. Қонақтар қатарында облыстық филармонияның «Сүгір» атындағы Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің Бас дирижері, Мәдениет саласының үздігі Дәуренбеков Ерлан Нұрғалиұлы, оркестр дирижері және домбырашысы, халықаралық байқаулардың лауреаты Исаев Шыңғыс Бөріұлы болды. 

Өздері білім алған шаңыраққа ілтипат білдіре келген түлектерге ректорымыз Арман Әділханұлы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 2019 жылғы 75 жылдық мерейтойы құрметіне арнайы дайындалған төсбелгілерін табыстап, өнер ұжымының 10 маусым күнгі Алматыда өтетін үлкен концертіне, жалпы жұмыстарына сәттілік, шығармашылық табыс тіледі. Қонақтарымыз ыстық ықыласпен қарсы алған консерватория басшылығына өз ризашылықтарын білдірді.















Альбомдарға оралу