Menu HELPDESK

Консерватория ұстаздары мен студенттері камералық музыка байқауынан жеңіспен оралды

2023 жылдың 15-19 мамыр аралығында Астана қаласында С.Сырлыбаевты еске алуға арналған І Республикалық камералық музыка конкурс-фестивалі өтті.

Байқауды Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырды.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары мен студенттері ансамбльдік орындаушылық шеберліктерінің жоғары деңгейін паш етті. Жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөліп өткізілген байқауға 30 ансамбль қатысты.

Ересек топ бойынша Бас Жүлдені А.Наумова мен М.Керімбаев иеленсе, орта топта 1-орынға ие болғандар С.Атагелдиева, А. Исаева, Ж.Саламатова. Ал, кіші топ бойынша 2-орын тұғырына А.Таңнұр, А.Акынер және Ш. Мұханбетқали көтерілді.






Альбомдарға оралу