Menu HELPDESK

Консерватория түлегі – композитор Алексей Котельников

Біз бүгін Алматы консерваториясының 1983 жылғы түлегі, композитор Алексей Руфович Котельников жайлы сөз қозғамақпыз. Алексей Руфович 1957 жылы Орынбор облысындағы Илек ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Бала жасынан бастап баян аспабына қызығып, үйрене бастайды.
Ата-анасымен Орал қаласына қоныс аударғаннан кейін ол жаңа мектебінде В.В.Новенкованың жетекшілігімен баяншылар үйірмесіне қатысып, көркемөнерпаздардың қойылымдарында да белсенділік танытып жүреді. 1974 жылы Алексей Руфович Орал музыкалық училищесіне Н.Г.Новенькованың сыныбына түседі.
А.Р.Котельниковтың алғашқы шығармашылық тәжірибесі 1974-1975 жылдардан бастау алады, бұл кездері ол орыс халқының билері мен әндерін өңдеумен айналысқан. Сол жылдары Алексей орыс халық аспаптары оркестріне арналған өз туындыларын жаза бастайды. 1978 жылы ол училищені аяқтап, Алматыдағы консерваторияға оқытушы С.С.Сейтхановтың сыныбына оқуға түседі. Консерватория студенттерімен және композиторларымен, әуесқой композитор В.Солодовниковпен, И.Киммен, В.Ячменевпен таныстық А.Р.Котельниковтің шығармашылық қызметіне қуатты серпін берді. Өкінішке орай оның бірқатар туындылары жойылған әрі жоғалған.
1983 жылы ол Алматы консерваториясын, В.Евдокименко сыныбы бойынша тәмамдаған. Өнер ордасындағы оқуын аяқтай салысымен, А.Руфович Оралдағы №2 музыкалық мектебінде қызмет жасаған. Ол музыка мектептеріне арналған әдістемелік құралдар, жаттығулар мен этюдтар құрастырған.

2000 жылы А.Котельников өткен ғасырдың 80 жылдарының аяғы мен 90 жылдардың басындағы қолжазбаларды қалпына келтіре бастады. Осы уақытта оның алғашқы соната, сюита, этюд-экспромттары дүниеге келді. 2005-2006 жылдары А.Руфовичтің түрлі құрамдарға арналған эстрадалық шығармалары да жарық көре бастады.
Композитор 2012 жылы Ресейде өз қаражатымен «Баянға арналған таңдаулы туындылар» атты өзінің алғашқы музыкалық жинағын жарыққа шығарды. Кейін оның атсалысуымен тағы бірнеше жинақ шығарылды. Ол әлі де жеке музыкалық жинақтарын шығаруға дайын екенін айтып отырады.
Қазіргі уақытта А.Р.Котельников Ресесйдің Саратов облысындағы Энгельс қаласында тұрып жатыр. Бірақ әрқашан өзі өскен ортасы, атамекені Қазақстанға бүйрегі бұрып тұрады.
Алексей Руфович бойындағы талантымен түрлі шығармаларды дүниеге әкелді, оның композиторлық қыры өнер адамдары үшін үлгі тұтарлық. Осындай дарынды тұлғаның шығармашылығына қолдау білдіріп, парақшасына жазылайық, достар!

Фейсбук парақшасы: Композитор Алексей Котельников
https://www.facebook.com/alex.rufus.kotelnikov/

https://www.youtube.com/watch?v=rP7Py7EX8yU&feature=youtu.be
https://www.youtube.com/watch?v=z7liy7LOWUg&feature=youtu.be
https://www.youtube.com/watch?v=CruoSzRNx2g&feature=youtu.be

140805660_100949622008450_5854980987756798621_o.jpg
Альбомдарға оралу