Menu HELPDESK

Консерваторияда «По дороге добра...» атты концерт өтті


10-11 маусым күндері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында «Дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі, профессор, ҚР Халық артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Базарғали Әжиұлы Жаманбаевқа арналған «По дороге добра...» атты кеш өтті.

Концерт барысында «Хор дирижері» мамандығының 4-курс түлектері өнер көрсетті. Олардың ішінде профессор Б.Ә.Жаманбаевтың сыныбы: Н.Тілеген, Б.Өтеміс, А.Айтышев, Ш.Қасенова және Г.Әбдірахманова, доцент П.К.Негманованың сыныбы: А.Қапанова мен Ф.Сұлтанова, доцент Г.К.Берекешевтің сыныбы: Е.Юсупова мен Ұ.Амангелді, аға оқытушы К.А.Есдәулетованың сыныбы: Г.Сәбитова мен Н.Әбдіқалық, оқытушы С.С.Жауылшақованың сыныбы: А.Сатова мен А.Шәкірова, оқытушы Б.М.Мәкеевтің сыныбы: Ж.Нағымжан, оқытушы А.М.Тұбажанованың сыныбы: А.Сембаева мен И.Раздобурдина, сондай-ақ оқытушы К.Б.Ермекованың сыныбы: Ж.Рамазан өнерлерін ортаға салды. Хор сыныбының жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ян Рудковский болды.

Шарада Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Е.Шагаров, С.Благодарная, Н.Аманбай, Б.Өтеміс және А.Серік отандық әрі шетелдік композиторлардың шығармаларын орындап, өнерлерімен көрерменді тәнті етті. Концерттік кеш жиналғандарға естен кетпес әсер сыйлап, жас өнерпаздар көптің қошеметіне бөленді.




Альбомдарға оралу