Menu HELPDESK

Мәскеуде өткен «MUSIC PROSPECT» байқауында консерватория студенті лауреат атанды


2021 жылдың желтоқсан айының соңында Мәскеуде «MUSIC PROSPECT» VI Халықаралық орындаушылық өнер байқауы өтті. Аталмыш додада консерваториямыздың «Аспаптық орындаушылық» факультетiне қарасты «Классикалық гитара» мамандығының 2-курс студенті Қуат Беназир I дәрежелі дипломға ие болып, лауреат атанды. Ұстазы – ҚР композиторлар одағының мүшесі, Алматы гитара ассоциациясының төрағасы Ким Геннадий Сергеевич. Сондай-ақ, Беназир International center of knowledge, science and sport «Genius» ұйымы атынан «ТМД-ның үздік студенті» ретінде «Жас Қыран» кітабына енді.

Айта кетейік, консерваторияның «Iшектi аспаптар» кафедрасында «Классикалық гитара» мамандығының ашылғанына небәрі 2 жыл ғана болды. Осындай қысқа мерзім ішінде атаулы мамандық студенттері өз жетістіктерімен көзге түсуде.

Консерватория ұжымы студентімізді және оны дайындағаны үшін Мақтау қағазына ие болған ұстазын халықаралық додадағы жетістіктерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.






Альбомдарға оралу