Menu HELPDESK

Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлт рухын ұлықтаған Өзбекәлі Жәнібеков» атты дөңгелек үстел өтті

Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлт рухын ұлықтаған Өзбекәлі Жәнібеков» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері, еліміздің белді қоғам, мәдениет және ғылым қайраткерлері қатысты.

- Өзбекәлі ағамыз XX ғасырдыӊ 70-ші жылдары Кеңес үкіметінің дәуірлеп тұрған уақытында Қожа Ахмет Ясауи кесенесініӊ қайта қалпына келтірілуіне ұйытқы болып, әулие кесенесі негізінде «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің құрылуына орасан зор үлес қосты. Биыл Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Түркістан қаласы – Түркі әлемінің рухани астанасы деп жарияланды. Елімізде рухани қазынамызды сақтап, ұрпаққа жеткізуді көздейтін мемлекеттік деңгейдегі түрлі бастамалар тұрақты түрде қабылданып келеді, деді өз сөзінде ведомство басшысы.

Аталмыш жиынға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев қатысып, ұлттық жәдігерлерімізді, рухани құндылықтарымызды сақтап, болашақ ұрпақ игілігіне жаратуға өлшеусіз үлес қосқан этнограф-ғалым туралы келелі баяндама жасады. Сондай-ақ конференцияға ZOOM платформасы арқылы «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, музыкатанушы-ғалым Айжан Бердібаева да қатысып, «Ө.Жәнібеков еңбектерінің ұлттық музыка мәдениетіндегі орны» тақырыбында өз баяндамасын көпшілік назарына ұсынды.

WhatsApp Image 2021-08-27 at 17.33.20 (1).jpeg

WhatsApp Image 2021-08-27 at 17.33.20.jpeg

WhatsApp Image 2021-08-27 at 17.33.22 (1).jpeg


Альбомдарға оралу