Menu HELPDESK

Музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова «Арт-менеджмент» мамандығы студенттерімен кездесті

2020 жылдың 13-наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Менің мамандығым» жобасы бойынша кезекті кездесу өтті. Бұл жолғы кездесуге қонақ ретінде танымал музыкалық продюсер Бағым Мақсатқызы Мұхитденова келді. «Арт-менеджмента» кафедрасы ұйымдастырған шараға заманауи арт-индустрия, шоу-бизнес, продюсерлік және менеджмент бағыттарына қатысты сұрақтар арқау болды. Шоу-бизнес өкілінің жеке тәжірибесіне сүйене берген жауаптарын арт-менеджмент мамандығы студенттері ерекше ықыласпен қызыға тыңдады. Ұйымдастырушылар кездесу өте қызықты, әрі мазмұнды болды деп баға берді.








Альбомдарға оралу