Menu
info@conservatoire.kz

Онлайн байқау жеңімпаздары анықталды


Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың қайта жаңғыратын ерекше сәтінде қазақ халқының ұлылығын дәріптей түсетін Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мейрамы тойланып, Жаңа жылымыз басталады. Бұл – ақ түйенің қарны жарылған күн, ырысты, ынтымақты ұлы той. Ел ынтымағын арттыруда Наурыз мейрамының алатын орны ерекше. Себебі, бұл күні араздасқан ағайын бір-бірімен табысып, ағаттыққа кешіріммен қараған. Бірлікті, ынтымақты ту еткен мерекені жаңа өмірдің, жаңғырудың бастауы деп қабылдаған.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Осы орайда, халқымызды біріктіретін ортақ құндылықтарды барынша дәріптеп, ой-санаға берік орнықтыруымыз керек. Мысалы, Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады», - деген еді. Осы орайда елімізде Ұлыстың ұлы күнін тойлауға аса жоғары мән беріліп, мейрамның халық арасындағы мәртебесін арттыруға жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ұлттық мерекемізді тойлау аясында бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Арт-менеджмент» кафедрасы «Мен Наурызды қалай тойлар едім?» атты онлайн-конкурсын ұйымдастырды. Бұл конкурста студенттер өздерінің Наурыз мейрамының мәртебесін қалай өсіруге болатындығы жөніндегі идеяларымен, жобаларымен бөлісті. Қазылар алқасы жобаларды бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Қазылар алқасының төрағасы «Арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Қалиев Сағатбек Слямбекұлы, комиссия мүшелері факультет деканы Мұсағұлова Гүлмира Жақсыбекқызы, доцент Жәнібекова Гаухар Қалданқызы, аға оқытушы Оспанова Айгерім Маратқызы. Жобаны ұсынушы – кафедра доценті Раушан Малаева. Байқау Zoom платформасы арқылы өтті.

 

Қатысушылар:

1.       Жеткерген Альбина -2 курс, Арт-менеджмент;

2.       Ерланова Анель-3 курс, Арт-менеджмент;

3.       Төлеу Рауана -3 курс, Арт-менеджмент;

4.       Мейрамбекұлы Диас -2 курс, Арт-менеджмент;

5.       Қайықбай Ерғазы -2курс, Арт-менеджмент;

6.       Рысбек Фархат – 3 курс, Арт-менеджмент;

7.       Бостанбекова Томирис – 2курс, Арт-менеджмент;

8.       Көшенова Гүлзира -1 курс, Арт-менеджмент;

9.       Жалмұхаметов Дінмұхамед-1 курс, Арт-менеджмент;

10.   Қайыржан Жасмина -1 курс, Арт-менеджмент;

11.   Асқарова Бота -1 курс, Арт-менеджмент;

 

Жүлделі орындар:

1-орын - Ерланова Анель - 3 курс, Арт-менеджмент

2-орын - Мейрамбекұлы Диас -2 курс, Арт-менеджмент

3-орын - Қайыржан Жасмина -1 курс, Арт-менеджмент

 

 

 

 

вернуться в альбомы