Menu
info@conservatoire.kz

Орган музыкасының кеші өтті

афиша орган.jpeg


1 маусым күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында орган музыкасының кеші өтті.

Концертте «Фортепиано» кафедрасының оқытушысы Ирина Гавриленко, сондай-ақ өнер-білім ордасының білім алушылары Екатерина Им, Камилла Мұханова, Аяжан Түйтебаева, Арайлым Кәрібай, Зухра Нығмеджанова, Айнель Төлепова, Татьяна Ульянова керемет өнер көрсетті.

Концерттік кеш барысында жас өнерпаздар неміс композиторлары И.Пахельбель, И.С.Бах, Ф.Лист, И.Брамс, француз композиторлары С.Франк, Т.Дюбуа, Э.Жигу және Л.Боэльман сынды танымал композиторлардың шығармаларын орындады.

Органшылар залға жиналған көпшілікке әсерлі кеш сыйлады. Тыңдармандар орган үнінен, көнеден жеткен классикалық музыкадан тылсым шабыт алғандай күй кешті.

IMG-20220602-WA0019.jpg



Альбомдарға оралу