Menu HELPDESK

«Оркестрлік отшашуды» алаулатты

РФ Мәдениет министрлігі, З. Исмагилова атындағы Уфа мемлекеттік өнер институтында 2022 жылы генерал-лейтенант В.М. Халиловтың туғанына 70 жыл толуына орай «Оркестрлік отшашу» атты Үрмелі аспаптар оркестрлерінің ІІ Бүкілресейлік байқауы өткен еді. Құрманғазы атындағы ҚҰК Үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті Мұрат Құмарғалиұлы Бисенғалиев басқарып барған Студенттік үрмелі аспаптар оркестрі аталған байқауға қатысып, «ЖОО-лардың Үрмелі оркестрлері» аталымында І дәрежелі лауреат дипломының иегерлері атанып қайтты.


Жеңімпаздардың концертіндегі қазылар алқасына – БР еңбек сіңірген өнер қайраткері, РФ жалпы білім саласының Құрметті қызметкері, З. Исмагилова атындағы Уфа мемлекеттік өнер институтының Үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының профеесоры Фанзир Файзрахменович Нигматзянов төрағалық етті.


Оркестрдің концерттік бағдарламасы бойынша П.И. Чайковскийдің «Салтанатты маршы», Е.Р. Рахмадиевтың «Дайрабайы» мен «Қыз қууы» және           David Shaffer-дің «Flight of the Pegasus» туындылары ойнатылды.





Альбомдарға оралу