Menu HELPDESK

Ректордың ата-аналармен онлайн-кездесуі өтті



Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүдебаев Арман Әділханұлы консерватория студенттері және білім алушылардың ата-аналарымен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді. Оқу ордасындағы төрт факультеттің әрқайсысы бойынша жеке-жеке өткен кездесуде әлемде орын алған пандемия жағдайындағы еліміздегі ахуалға және консерватория ғимараттарында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты оқу үдерісінің жайы қалай болатындығы жөнінде ақпар беріліп, екпені алудың маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ ата-аналар мен білім алушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алды. 


Альбомдарға оралу