Menu HELPDESK

«SARMAD» этно-фольклорлық ансамблі консерваторияда қонақта



Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Шопен атындағы камералық залында профессор Төлепберген Тоқжановтың «Домбыра» мамандығының 1-курс білім алушыларына арналған «Орындаушылық өнер тарихы» атты сабағы өтті.

Дәстүрлі өнердің қарашаңырағында талай жыл жемісті жұмыс жасап, ұстаздық қызметтің ауыр жүгін арқалап келе жатқан Төлепберген Төрахметұлының сабағы жоғары деңгейде өтіп, 1-курс студенттеріне аса қажетті әрі маңызды ақпараттар айтылды.

Ашық сабақтың құрметті қонақтары Б.Ақтаев жетекшілік ететін «SARMAD» этно-фольклорлық ансамблі болды. Шара барысында өнер көрсеткен ансамбль өз орындаушылық шеберліктерімен жас музыканттарды тәнті етті. Студенттер ансамбль репертуарына, құрамына, ансамбль жетекшісі, композитор Бауыржан Ақтаевтың шығармашылығына қатысты сұрақтар қойып, кеңінен таныс болды. Халық композиторларының шығармаларымен қатар тың туындыларды нақышына келтіре орындаған жас өнерпаздар көрерменнің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.







Альбомдарға оралу