Menu HELPDESK

Студенттеріміз «KOGAN’S COMPETITION» байқауында топ жарды



2022 жылғы 5-15 желтоқсан аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Алматыда II Халықаралық «KOGAN’S COMPETITION» аспапта орындаушылық байқауы өтті. 


Жобаға қолдау көрсеткендердің қатарында Қазақстан Композиторлар одағы, ҚР МСМ орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Өрлеу – Айткеша Толганбаева» қоры және «Хэсэд Полина Қамқорлық орталығы» Республикалық еврей қайырымдылық қоғамдық бірлестігі бар.


Байқауда үміткерлер «Фортепиано», «Ішекті аспаптар», «Үрмелі және ұрмалы аспаптар», «Ансамбльдік өнер», «Концертмейстерлік шеберлік» аталымдары бойынша бақ сынасты.


Нәтижесінде «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті Жолмұхамедова Айжан Абылайханқызының шәкірттері «Ішекті аспаптар» номинациясы бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Мұханбетқали Шерәлі Бас жүлдені иеленсе, 1 орын Жүсіп Нұржанға, 2 орын Ақберген Нұркенге, ал, 3 орын Қанатқызы Динараға бұйырды. Концертмейстерлер: Валиева Эльмира Серікқызы және Ғимарат Ерназар.


Жүлдегер студенттерімізді және олардың ұстазы Айжан Абылайханқызын айтулы жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстарыңыз көп болып, биіктерді бағындыра беріңіздер демекпіз.









Альбомдарға оралу