Menu HELPDESK

Түлегіміз халықаралық байқауда бас бәйгені қанжығалады


Жуырда ғана өткен «Jumeirah sounds» V халықаралық жастар байқауына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі Ильмурадов Самат Довлетбайұлы қатысқан болатын. Өнерімен қазылар алқасын тамсандырып, ең жоғары баға алған түлегіміз байқауда «Cello» номинациясы бойынша «Бас жүлдені» жеңіп алды.

Аталмыш додада бір емес, бірнеше мемлекеттің өнер иелері бақ сынасқан еді. Жалпы сайыс екі айналымнан тұрды. Бас бәйгені қоржындаумен қатар түлегіміз Италияның Венеция қаласына магистратурада білім алуға шақырту алды.

Жеңімпаз Самат Довлетбайұлына әрқашан сәттілік серік болып, еңбегі жанып, жаңа жетістік шыңдарына көтеріле беруін тілейміз.


Альбомдарға оралу