Menu HELPDESK

Ғазиза Жұбанованың 95- жылдығына арналған "Ұстазға арнау" концерті

25 қараша
18:30
Кіші зал




2022 жылдың 25 қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы кіші залында Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына арналған «Ұстазға арнау» концерті өтті.

Концерт бағдарламасында Құрманғазы атындағы ҚҰК ұстаздары, «Арнайы фортепиано» кафедрасының магистранттары және студенттері композитордың шығармаларын көрермен назарына ұсынды. КСРО және Қазақстанның халық артисі, композитор, ұстаз, публицист, қоғам қайраткері – Ғазиза Ахметқызы Жұбанова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 1975-1987 жылдар аралығындағы ректоры. Көрнекті композитор еліміздің кәсіби музыка өнерін жаңа деңгейге көтерген тұлға. Ғ. Жұбанова өз шығармашылығында композиторлық жазудың академиялық принциптері мен музыка тіліндегі қазіргі әлемдік үрдістерді ұштастырған тұңғыш қазақ авторы болды.

Аталмыш кештің қонақтары ретінде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі Ермек Құрманаев және жас пианист Ашот Мхитарян өнер көрсетті.

























вернуться к списку концертов