Menu HELPDESK

Е.Басықараның «Өмір-өнер белестері» атты концерті

13 мамыр
18:00
Үлкен зал
13 мая 18.00 большой зал Ерсайын Басықара.jpg

13 мамыр күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Домбыра» кафедрасының профессоры Ерсайын Бақытұлы Басықараның асқаралы 60 жасқа келуіне, ұзтаздық қызметіне 35 жыл, ал шығармашылығына 40 жыл толуына орай «Өмір-өнер белестері» атты жеке концерті өтті.
Концерт барысында Ректор аппараты қызметінің басшысы, Мәдениет саласының үздігі Ермек Ысқақов мерейтой иесіне консерватория ректоры Арман Әділханұлының құттықтау хатын табыстап, ұстазға ұжым басшысы және «Домбыра» кафедрасының атынан шапан жауып, құрмет көрсетті. Сондай-ақ, мерекелік шара кезінде Алматы қаласындағы бірқатар мәдени мекемелердің басшылары, Ерсайын Бақытұлының әріптес достары өнер иесіне құттықтау тілектер айтып, Ресей елінен жеткен бейнеқұттықтаулар экраннан көрсетілді. 

Концерттік бағдарламада ұстаз Ерсайын Бақытұлының және шәкірттерінің орындауында отандық әрі шетелдік композиторлардың шығармалары көрермен назарына ұсынылды. Арнайы құттықтай келген Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі бірнеше күй тартып, кеш иесі оркестр сүйемелдеуімен бірнеше шығарманы орындады.

Залға жиналған көпшілік өнер иесіне қолдау білдіріп, қызықты әрі әсерлі кеш сыйлағаны үшін алғыстарын білдірді.












вернуться к списку концертов