Menu

КОНСЕРВАТОРИЯ РЕКТОРЫ ӘУБӘКІРОВА Ж.Я. 2017 жылы халық алдында есеп беру кеші

Қайырлы күн құрметті әріптестер, студенттер, қонақтар, журналистер!

«Болашақ оқу аудиторияларында жасалады», - деді Президент өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын жуырдағы мақаласында. Ашықтық, прагматизм, бәсекеге қабілеттілік сияқты сананы жаңғыртудың негізгі ұстанымдары мәдениет пен білім беру саласы қызметкерлері үшін, консерватория үшін және бүтіндей алғанда еліміздің барлық азаматтары үшін бағдарға айналуы қажет.
Өткен жыл консерватория үшін қарқынды және жарқын жыл болды. 2016 жылдың қараша айында бакалавриаттың барлық тоғыз білім беру бағдарламасы 2023 жылдың 31 мамырына дейін Music Quality Enhancement - MusiQuE (Бельгия, г. Брюссель) Халықаралық аккредиттеу агенттігінің халықаралық аккредиттеуінен бес жыл мерзімге өтті.
2017 жылдың наурызында консерватория өмірінде екі маңызды іс-шара өткізілді. Оның бірі «Оқу үрдісін және білім беру мазмұнын жетілдіру тәжірибесі: заманауи беталыс» атты Халықаралық оқу-әдістемелік конференция болса, екіншісі ҚР БжҒМ-нің ІX Республикалық пәндік олимпиадасы болды.
Конференция қатысушылары мен іс-шара ішінде болған жақын шетел өкілдері білім беруді ұйымдастыру мен білім беру бағадарламаларын жетілдіру мүмкіндігіне байланысты тәжірибе жинақтады.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорының белсенді қолдауымен «Өнер» мамандығының 6 түрі бойынша 13 аталымда өткен олимпиада қазақстандық ұлы мәдениет және өнер қайраткерлері Ғазиза Жұбанова, Мағауия Хамзина, Фатима Балғаева, Хабидолла Тастанова және Болат Сарыбаев сияқты қазақстандық ұлы мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналды. Олимпиадаға республиканың 5 ЖОО-нан 190 студент қатысып, өз аталымдары бойынша жоғары білім деңгейлерін, орындаушылық дағдылары мен кәсіби шеберліктерін көрсете білді. Әділқазылар алқасы құрамына өнер ЖОО-ның жетекші педагогтары, профессорлары мен доценттері кірді. Консерваторияның 61 студенті олимпиада жүлдегері атанып, өткен жылдан 11,5% жоғары көрсетккішке ие болды. Барлық олипиада қатысушылары ҚР білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорының ақшалай жүлделерімен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Сонымен қатар 2016 жылдың қазан және 2017 жылдың наурыз айларында ҚР БжҒМ-нің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі аясында консерваторияда Қазақстан ЖОО-ның шығармашылық мамандық өкілдерінің қатысуымен екі мәжіліс болып өтті. Мәжілісте кәсіби стандарттарды есепке ала отырып, шығармашылық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру, модульдік үлгідегі оқу жұмыс жоспарларын жасаудағы ерекшелік, Қазақстан ЖОО-ғы академиялық және басқарушылық дербестікті кеңейту болашағы сияқты мәселелер қарастырылды.
Биылғы жылы еліміздің 19 ЖОО бойынша Талдықорған қаласында өткізілген Республикалық олимпиадада «Музыкалық білім беру» мамандығы бірінші орынды иеленді. Келесі жылы «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша Олимпиада біздің консерватория аясында өткізілетіні көңіл қуантады.
«Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның «Оқу-білім берушілік, әкімшілік-ұйымдастырушылық үрдістерді жаңғырту» жобасы аясында консерватория құрылымын жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Қыркүйектен бастап ғылыми бөлім, зерттеушілік бағдарламалар, студенттер мен бітірушілер бойынша жұмыс бөлімі сияқты жаңа құрылымдық бөлімшелер өз жұмысын бастады.
Факультеттің ұйымдастырушылық құрылымында білім алушылар контингентінің сандық көрсеткішін оңтайландыруға мүмкіндік беретін өзгерістер орын алды. «Білім беру және мәдениет» атты жаңа Факультет құрылып, оның құрамына келесі аталымдағы үш кафедра енгізілді: «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер», біріктірілген Музыкалық білім беру мен педагогика және психология кафедрасы және жаңа «Арт-менеджмент» кафедрасы.
Жаңа оқу жылынан бастап Музыкатану және Композиция, Дирижерлау және Вокалдық өнер Кафедралары «Музыкатану және орындаушылық өнер» Факультетінің құрамына кірді. Өз кезегінде «Аспаптық орындаушылық» Факультетінің құрамына енгізілген жалпы фортепионаның барлық секциялары бір кафедраға біріктірілді.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Бакалавриат» білім беру бағдарламасы бойынша жыл сайын грантқа талапкерлер қабылдайтыны белгілі. Биылғы жылы құжат тапсырған 357 адамнан 274 талапкер грантты иеленіп, консерватория студенті атанды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша магистратураға 35 адам, PhD докторантураға 4 адам қабылданды. Бірақ өмір білікті кадрларды дайындауда жаңа талаптарды қажет етуде. Бакалавр өз мамандығы бойынша сапалы білім алып қана қоймай, сонымен қатар экономикалық және құқықтық білімдерді, кәсіпкерлік пен басқарушылық дағдыларды да игеруі қажет. Осыған орай жаңа оқу жылынан бастап барлық мамандықтар бойынша «Мәдениеттегі менеджмент негіздері» пәні енгізілді.
Біз бүгінгі күні ғылыми ақпараттық кітапханалық қызметтің белсенді жұмысын мақтанышпен айта аламыз. Консерваторияның кітапханалық қоры 208 040 дана кітапты құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілдегі кітап саны 36903 дана. Өткен оқу жылында 2 238 кітап келіп түссе, оның ішінде сыйға алынғаны 1 000 данадан асады.
Ғылыми ақпараттық кітапханалық қызмет (ҒАКҚ) қызметкерлері бірнеше жылдар бойы консерваторияның кітапханалық қорын сақтау бағдарламасын жүзеге асыруда. Өткен жылы ғылыми ақпараттық кітапханалық қызмет ЮНЕСКО-ның грантын алды. Грант қаржысына басып шығару мен қажетті шығыс құралдары алынып, құнды кітапханалық қорды сақтау бойынша белсенді жұмыс басталды.
Ғылыми ақпараттық кітапханалық қызмет өмірінде «Өзіңе өзің жаса» Оқу клубы» жобасы маңызды орын алады. Былтырғы жылы танымал ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Астана-Бәйтерек», «Тәуелсіздік толғауы» және т.б. көптеген республикалық байқаулардың жеңімпазы, М.Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың жүлдегері Әбдрахман Асылбек пен қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, «Құрмет» Орденінің кавалері, «Тарлан» сыйлығының иегері Мұрат Мұхтарұлы Әуезов аталған клубтың қонақтарына айналды.
Ғылыми ақпараттық кітапханалық қызметтің маңызды жобаларының бірі – виртуалдық библиография болып табылады. Жобаның мақсаты – консерватория профессорлары мен олардың ғылыми еңбектерін интернетте ілгерілету болып табылады. Консерваторияның педагогикалық-профессорлық құрамының дайындалған көрсеткіштері және мерейтойлық тізімдері мен еске алу күндері MP4 форматына ауыстырылды және Facebookтегі ғылыми ақпараттық кітапханалық қызметінің арнайы парақшасында жарияланды.
Өткен оқу жылы ғылыми саладағы жетістермен де мақтанарлық жағдай тудырды. Консерваторияның ғылыми қызмет нысаны ретінде аккредитациядан өтуі басты жетістік болды. Бұл бізге ғылыми гранттар байқауына қатысуға құқық беретіндіктен біз ұзақ уақыт бойы бұл аккредитацияны армандаған болатынбыз. Және біз бүгінгі күні еліміздің үздік музыкатанушылары екеніне күдік тудырмайтын консерваторияның көрнекті зерттеушілерінің қатысуымен өнертанудың әртүрлі бағыттары бойынша 4 ғылыми жоба дайындадық.
Жыл бойы үш ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, оның біреуі халықаралық мәртебеге ие болды. Конференциялар музыкатанудың өзекті мәселелеріне, орындаушылық өнерге, Мәдениет Ешекеевті еске алуға арналып, оған 180-нен астам адам қатысты. Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша үлкен ғылыми-тәжірибелік қызығушылықты танытатын мақалалар мен материалдар жинағы жарық көрді.
Консерваторияның ғылыми қызметінде ұзақ күттірген оқиға ретінде Музыкатану, Арт-менеджмент, Дирижерлау, Аспаптық орындаушылық, Дәстүрлі музыкалық өнер мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңестің ашылуын атауға болады. Жыл ішінде Кокишева Марлен, Тлеубергенов Арман, Қалдаяқова Айсұлу сияқты докторанттардың докторлық диссертациялары қорғалды. Олар қазіргі уақытта консерваторияда өздерінің еңбек қызметін жалғастыруда.
«Өнер» мамандықтары бойынша студенттердің ғылыми-зерттеушілік жұмыстарының жыл сайынғы Республикалық байқауы үлкен табыспен өткізілді. Байқау үш кезеңде өтті: ЖООішілік, базалық ЖОО-да (ОӘК), қорытынды кезеңі – республикалық. Қазақ ұлттық өнер университетінің және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері жүлдегер атанды. Комиссия байқауға ұсынылған жұмыстардың жоғары деңгейі мен студенттік зерттеулер тақырыптарының өзектілігін ерекше атап өтті.
Біздің студенттің халықаралық деңгейдегі алғашқы ғылыми жетістігі жеке мақтанышқа айналды. Музыкатану және менеджмент факультетінің 3 курс студенті Балмағамбетова Ләйлә Санкт-Петербург қаласында өткен «Этномузыкология: тарихы, теориясы, тәжірибесі» атты YI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция байқауында лауреат атанды. Оның «Варианттылық қазақтың ән фольклорының өмір сүру тәсілі» деп аталатын баяндамасы қазіргі заманғы музыкатану шеберлерінің шынайы қызығушылығын тудырып, консерваториядағы музыкатанушылар дайындығының жоғары деңгейін көрсете білді.
Заманауи қоғамдағы сананың жаңғыру жолдарын саралай келіп Президент Назарбаев: «Ұлттық және мәдени тамырларға сүйенбестен жаңғырту ауада ілініп қалады. Мен оның жер бетінде мықты тұрғанын қалаймын. Бұл тарихи және ұлттық дәстүрлерді міндетті түрде ескеру керектігін білдіреді. Бұл өткен, қазіргі және болашақ халықтың көкжиегін байланыстыратын алаң», -дейді. Биылғы жылдың маусым айынан бастап консерватория ұзақ жылдар бойы алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысына экспедиция ұйымдастырды. Студенттер мен педагогтар тобы облыстың ауылдары мен аудандық елді мекендеріне барып жаңа материалдар жинады. Соған орай алдымызда әкелінген қазыналарды шифрлау, материалдың құндылығы мен түпнұсқа екендігі туралы даулар, зерттеулер мен сараптамалық қорытындылар, шығарылым мен оқу үрдісіне енгізу сияқты ұзақ жұмыстар күтуде.
Өткен оқу жылы Санжар Бәйтереков сияқты педагогтың басқаруындағы Қазіргі заманғы музыка Орталығы да белсенді жұмыс атқарды. Композиторлардың қатысуымен шеберлік сыныптар және заманауи өнер өкілдерімен шығармашылық кештер тұрақты өтікізіле бастады.
Соңғы жылдары тек орындаушылар ғана емес, сонымен қатар консерваторияның ірі ұжымы да әлем бойынша көптеген байқауларға, фестивальдарға, гастрольдық іссапарларға қатысып, кәсіби жетілдіру жолындағы шынайы ынталандыруға ие болды.
Бүкіл оқу жылы ағымында консерватория залдарында Баян мен аккордеонның жыл сайынғы фестивалі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «StringMusicFestival», II камералық музыка фестивалі сияқты классикалық музыка фестивальдары өткізілді.
21-25 қараша аралығында Үлкен концерт залында Бас серіктес «Самұрық қазына» ұлттық әл-ауқат Қорының қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "NovemberMusicFest" Халықаралық музыкалық фестивалі өткізілді. Фестиваль аясында шетелден шақырылған қонақтар, орындаушылар мен консерватория ұжымы өнер көрсетті. Фестиваль концертіне 2 000-нан астам классикалық музыка әуесқойлары көрермен болды. Әлемдік қоғамдастық интеграциясына бағытталған мемлекет Басшысының тұжырымдамасы білім беру саласына жаңа мүмкіндіктер мен халықаралық ынтымақтастық жағдайын тудырды. Осы орайда консерватория Қазақстан Республикасындағы алыс жақын шетелдердің Дипломатиялық өкілдіктерімен және продюсерлік компанияларымен белсенді ынтымақтастықта жұмыс атқаруда. Мұндай ынтымақтастықтың нәтижесі Қытайдан және Франциядан келген музыканттар «Hermes» және «Volta» ішекті квартеттерінің концертімен көрініс тапты. Ву Промоушн компаниясымен ынтымақтастың жалғасы ретінде осы жылдың 12 қаңтарында Үлкен концерт залында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының өзара дипломатиялық қатынасының қалыптасуына 25 жыл толуына орай Гуандун қытай провинциясы Ұлттық оркестрінің концерті қойылды.
«Музыка және өнер саласында еуразиялық ғылыми-зерттеушілік қоғамдастық» халықаралық жобасы аясында 3 ақпан күні консерваторияның Үлкен залында норвегия джаздық пианисі Дага Арнессенаның, Норвегияның Грига Бергенский атындағы Музыкалық Академиясының, консерваторияның аралас хорының, скрипкашылар, виолончелистер, домбырашылар мен қобызшылар ансамбльдерінң қатысуымен «Музыкада шеқ жоқ» атты концерт қойылды.
Жыл бойында Дориана Уилсона (АҚШ), Ресей Еңбек сіңірген әртісі, «Виртуозы Москвы» оркестрінің орындаушысы Алексей Лундин, халықаралық байқаулардың жүлдегері, пианистер Андрей Дубов пен Павл Шатский, Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартет сияқты алыс және жақын шетелдерден келген жетекші педагогтар мен музыканттардың концерттері, шеберлік сыныптары және шығармашылық кездесулері өтті.

19 мамырда консерваторияның Үлкен концерт залында шығармашылық қызметіме 30 жыл толу аясында менің жеке концертім болып өтті. Концерт қазақстандық-еуропалық деңгейде алғашқы сессиясын бітірді. Концерт Қазақстанның Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен қалаларында; Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеттің қатысуымен Шымкент пен Талдықорғанда, сонымен қатар Еуропаның Женева, Брюссель, және Люксембург қалаларында жеке концерт түрінде жоғары табыспен өткізілді. Сонымен қатар жыл соңына дейін шығармашылық қызметтің 30 жылдығы аясында Афина, Вена, Дэгу, Гонконг, Дели қалаларының танымал залдарында жеке концерттер сериясы жоспарланып отыр.

23-25 тамыз аралығында консерватория орындаушылары мен ұжымы 270 адам құрамында Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өте табысты өнер көрсетті. Гала-коцерт шынайы жарықпен, арнайы видеосүйемелдеумен көрме аумағының амфитеатр сахнасында өткізілді. Концертке шетелден шақырылған итальяндық трубашы музыкант Марко Пьеробон мен швейцариялық скрипкашы Геза Легоцки қатысты. Консерватория ұжымының өнер көрсетуіндегі бейнебаян Euronews, TheWestAustralian, TheGuardian халықаралық ақпараттық ресурсында, KompasTV индонезиялық телевизиялық каналында таратылды.

Қазіргі уақыттың өзінде-ақ жаңа оқу жылындағы ірі көлемді концертке дайындық жасалу үстінде. 2017 жылдың 25 қазанында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында консерваторияның симфониялық оркестрі мен аралас хорының қатысуымен саундтрек концерті өтеді.
Консерватория музыкалық экспериментті жалғастыру үстінде. Биылғы жылдың қазан айының соңында консерватория ұжымы Астана қаласы Әкімшілігінің қолдауымен Қазақстанның танымал жас заманауи музыка орындаушыларымен бірге «Қазақстан» орталық концерт залында концерт өткізеді.
2017 жылдың 8-16 қараша аралығында Алматы қаласында консерваторияның Үлкен концерт залында YII халықаралық пианистер байқауы өтеді. Байқаудың әділқазылар алқасына Ресейден, Жапониядан, АҚШ-тан, Литвадан келетін танымал музыканттар мен педагогтар кіреді. Желтоқсан айында Қазақстандағы музыкалық этнографияның 200 жылдығына және Халық әні кафедрасының 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өткізіледі.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы қоғамдық сананың жаңғыруында маңызды болатын алдағы онжылдықтағы біздің экономикалық, саяси және мәдение даму бағыттарымызды нақты айқындап берді. «Мен сенімдімін, - деп баса айтты Нұрсұлтан Назарбаев, - біз бастаған кең ауқымды реформалар қоғамдық сананың кеңейтілген жаңғыруымен бірге жүруі керек. Ол тек саяси және экономикалық жаңғыртуды толықтырып қана қоймай, олардың өзегі ретінде әрекет етеді». Сонымен алдымызда – жаңа міндеттер мен жаңа жетістіктер. Консерватория ұжымы қойылған мақсаттарға жету жолында шығармашылық күштердің, жаңа қарқын мен жемісті еңбектің әлеуеттік қуатын иелене отырып болашаққа сеніммен қарайды.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры -

Ж.Я.Әубәкірова

вернуться в альбомы