Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Бүгінгі музыкалық түркология: мәселелер мен перспективалар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Түркі әлемінің дәстүрлі және заманауи музыкасы» атты ауқымды концерт өтті.
11 сәуір 2025

Сахнада түркі халықтарын біріктіретін музыка орындалды — концертке Қазақстанның орындаушыларымен қатар Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген қонақтар да қатысты. Бағдарламада аутентикалық дәстүрлі формалардан бастап, ұлттық өнердің қайнар көзінен нәр алған заманауи академиялық шығармаларға дейін кең спектрлі жанр қамтылды.
Кеш түркі мәдениетінің көпқырлығын, өміршең әуенін және рухани бірлігін айқын көрсеткен нағыз мерекеге айналды. Шабыт пен музыкалық бауырластық атмосферасын сыйлаған барлық қатысушылар мен қонақтарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024