Консерватория жаңалықтары
2023 жылдың 28 наурызында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ «Өнер» бағытында 11 мамандық (18 номинация) бойынша ҚР ҒжЖБМ XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының шымылдығын ашты.
К. Байсейітованың 110 жылдығына және Б. Досымжановтың 100 жылдығына арналған «Өнердегі өнегелі адамдар» атты концерт өтті.

2023 жылдың 24 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында С. Рахманиновтың 150 жылдығына арналған доцент Г. Т. Құрамбаеваның студенттерінің концерті өтті.

ХV республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізу кестесі. 2023 жылғы 28 наурыздан 18 сәуірге дейін

2023 жылдың 17 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында «Вокалдық өнер» кафедрасының ұстазы, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Аманова Жадыра Қонысбекқызының «Жарқыраған өнер бояулары» атты сыныптық концерті өтті.


2023 жылдың 16 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы концерттік залында ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Халық әні» кафедрасының оқытушысы, жоғары білім саласының «Үздік педагогы», әнші Армат Исламғалиевтің «Тыңдасаңдар, халайық» атты класс-концерті өтті.

2023 жылдың 15 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында Виго жоғары музыка консерваториясы профессорларының «Испан музыкасы» атты концерті өтті.

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы сіздерді даңқты орыс композиторы Сергей Рахманиновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Сергей Рахманинов - Күміс ғасыр кемеңгері» атты республикалық дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырады.