Menu HELPDESK

Халықаралық қызмет

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы құрылған жылдардан бастап бүгінгі таңға дейін  шығармашыл кадрларды: орындаушы музыканттарды, композиторлар мен музыкатанушыларды, арт-менеджерлерді даярлау саласында халықаралық әріптестікті дамытуға зор үлес қосып келеді.


Консерваторияның халықаралық қызметінің негізгі бағыттарының бірі – шетелдік университеттермен және зерттеу институттарымен академиялық әріптестік пен ынтымақтастықты дамыту, оның шеңберінде халықаралық білім беру, ғылыми, әлеуметтік және шығармашылық жобаларды іске асыру болып табылады.


Халықаралық ынтымақтастықтың мақсаты – үздік халықаралық тәжірибені және түрлі мәдениеттердің ұлттық дәстүрлері мен құндылықтарын қолдану негізінде бәсекеге қабілетті жоғары оқу орнының әлеуетін қалыптастыруға ықпал ететін жоғары оқу орнында білім берудің тиімді жүйесін дамыту үшін қажетті ғылыми-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық және басқа да жағдайларды қамтамасыз ету.


Халықаралық ынтымақтастықтың міндеттері:

·      Консерваторияның әлеуметтік мәртебесі мен халықаралық беделін арттыру.

·      Жоғары оқу орнының білім беру ортасында ұлтаралық және этникалық қатынастар мәдениетін арттыру.

·      Зерттеу және оқу бағдарламалары саласында халықаралық сапа стандарттарына қол жеткізу.

·      Білім алушылар мен оқытушылардың ұтқырлығын, қызметкерлердің ұтқырлығы мен халықаралық білім беру процесіне тартылуын қамтамасыз ету.

·      Педагогикалық және ғылыми қызметкерлердің бiлiктiлiгiн арттыру, бірлескен оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен баспа қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

     Халықаралық бөлім Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халықаралық байланыстарды орнату және дамыту, сондай-ақ халықаралық бағдарламалар мен шетелдік академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және бақылау мәселелері бойынша үйлестіру және консультативтік функцияларды орындайтын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Халықаралық бөлім қызметінің басты мақсаты Консерваторияның оң халықаралық имиджін қалыптастыруға, білім беру, ғылыми, әлеуметтік және шығармашылық бағыттардағы шетелдік байланыстарды қолдауға және дамытуға бағытталған.


Контактілер:

004 кеңсе, А корпусы

Телефон: +7 727 338 44 83 (ішкі 126)

email: interdep@conservatoire.edu.kz


2022 жыл есебі