Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында студенттерді, оқытушыларды және зерттеушілерді біріктіретін дәстүрге айналған оқу орнымыздың академиялық өміріндегі маңызды оқиға — Ғылым апталығы өткізілуде.
7 сәуір 2025

7 сәуір күні Ғылым апталығы аясында Аспаптық орындаушылық факультетінің «Аспаптық орындаушылық: теория, әдістеме және педагогика мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті.
Кездесу барысында орындаушыларды даярлау, оқыту әдістері және қазіргі заманғы аспаптық педагогикадағы тенденциялар сияқты маңызды аспектілер талқыланды. Оқытушылардың, докторанттардың және магистранттардың баяндамалары тыңдалып, қызу пікірталас туғызды.
Биылғы жылы ғылым апталығы аясында төрт «дөңгелек үстел» өтеді:
7 сәуір, 14:30 — «Аспаптық орындаушылық» факультетінің дөңгелек үстелі
8 сәуір, 10:00 — «Музыкатану және композиция» кафедрасының дөңгелек үстелі
9 сәуір, 11:00 — «Вокал және дирижерлеу» факультетінің дөңгелек үстелі
10 сәуір, 10:00 — «Халық әні» факультетінің дөңгелек үстелі
Ғылым апталығы — қол жеткізген ғылыми жаңалықтарымен бөлісіп, музыка өнеріндегі өзекті тақырыптарды талқылау және жаңа идеялармен шабыттану мүмкіндігі. Барлық қызығушылық танытқандарды күтеміз.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024