Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 90-нан аса белсенділері түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласының киелі жерлеріне рухани тұрғыдағы сапарға аттанды
14 сәуір 2025
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 90-нан аса белсенділері түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласының киелі жерлеріне рухани тұрғыдағы сапарға аттанды. Танымдық сапарды консерватория ректоры Гаухар Тасбергенованың қолдауымен әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты қызметі ұйымдастырды.
Іс сапардың бірінші пункті киелі Арыстан баба кесенесі болды. Оның себебі, Қожа Ахмет Яссауидың ұстазына бірінші құрмет көрсетумен байланысты болды. Содан кейін, студенттер Ұлы Даланың ежелгі мәдениеті мен ғылым орталықтарының бірі — Отырар қалашығына барды.
Танымдық саяхат рухани және мәдени тәрбиенің маңызды бөлігіне айналып, студенттерге түркі өркениетінің тарихына қол тигізуге және оның мәдени бірегейлігін қалыптастырудағы маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.
Түркітану тақырыбын жалғастырған рухани-ағартушылық сапар аясында түркі әлемінің рухани бірлігінің символына айналған тарихи және мәдени ескерткіш - Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып қайтты.
Бұл сапар жай ғана экскурсия емес, ата-бабаларымыздың тарихы және мұрасын танып, олармен рухани диалог құруға мүмкіндік. Өмірін өнермен байланыстырған студенттер үшін киелі ескерткіштерді қадірлеп-қастерлеу — мәдени жадыны сақтау жауапкершілігін сезіндіріп, ұлттық дәстүрімізді зерттеу жолында музыка мен шығармашылық арқылы шабыт беретіні сөзсіз.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері — белсенді жастар қауымдастығының мүшелері, шетелдік студенттер, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер және әлеуметтік осал топтардың өкілдері әлеуметтік интеграция және мәдени-ағартушылық бағдарлама аясында Қазақстанның тарихи орындарына танымдық саяхат жасап қайтты.
Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты қызметінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл мәдени-танымдық экскурсия маршруты Ақмешіт табиғи қорық-үңгірі, Түркістан облысындағы Домалақ ана кесенесі, Жамбыл облысындағы Айша бибі мен Бабаджа Хатун кесенелері сияқты тарихи маңызы зор ескерткіштерді қамтыды.
Экскурсия барысында қатысушылар табиғаттың ғажап көрінісі мен сәулет ескерткіштеріне тәнті болып қана қоймай, қазақ халқының рухани және тарихи мұрасымен байланысты оқиғаларды сезініп, оларды тереңірек түсінді. Іс-шара студенттердің патриоттық сезімін нығайтуға, мәдениетаралық диалогты дамытуға және әлеуметтік бірлікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024