Menu HELPDESK

"ҮШ ІШЕКТІ АСПАПТАР" ЖӘНЕ "КӨНЕ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР" НОМИНАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША XVIІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Үш ішекті аспаптар номинациясы

2025 жылдың 7 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультеті «Көне музыкалық аспаптар» кафедрасының ХVІI Республикалық студенттік пәндік кіші Олимпиадасы Ғазиза Жұбанова атындағы камералық залда өтті. Олимпиада 2 номинация бойынша өткізілді, олар: үш ішекті аспаптар және фольклорлық аспаптар номинациялары.

Үш ішекті аспаптар номинацияларының төрағасы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Е.Басықара, мүшелері: ҚР мәдениет саласының үздігі, П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің ұстазы Қ.Асылбекұлы, «Көне музыкалық аспаптар» кафедрасының аға оқытушысы, өнертану магистрі Е.Какежанов, және хатшы «Көне музыкалық аспаптар» кафедрасының 1 курс магистрі Е.Ембергенмен қамтылды.  

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің 8 студенті қатысып, бақ сынасты.

ХVІІ Республикалық кіші олимпиада тапсырмаларының нәтижелерін сараптап, байқау комиссиясы мынадай марапаттауларды тағайындауға жөн санады:

1-орын: Жубангалиев Арон

2-орын: Қызаев Дамир, Жаңбыр Ақгүл

3-орын: Талғатұлы Саят, Тыныштық Бағдаулет, Жолдыбай Гүлбану.

«Нұрғиса Тілендиев» атындағы арнайы диплом:

Жубангалиев Арон

 

Фольклорлық аспаптар номинациясы 

Фольклорлық аспаптар номинациясының төрайымы ҚР мәдениет саласының үздігі, доцент Н.Жақыпбек, мүшелері: «Құрмет» орденінің иегері, өнертану кандидаты, доцент Т.Мұқышев, «Сазген сазы» фольклорлық ансамблінің дирижеры Ы.Нұрғалиев, хатышы «Көне музыкалық аспаптар» кафедрасының оқытушысы, Өнертану магистрі Н.Айтуаровамен қамтылды.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің 9 студенті қатысып, бақ сынасты.

ХVІІ Республикалық кіші олимпиада тапсырмаларының нәтижелерін сараптап, байқау комиссиясы мынадай марапаттауларды тағайындауға жөн санады:

1-орын: Нурпеисова Дина

2-орын: Турманова Даяна, Құдайберген Динара

3-орын: Айдынұлы Шалғын, Нурлан Айпара, Омар Назира

Арнайы диплом: Енисеева Альбина


Альбомдарға оралу