Menu HELPDESK

«ҚЫЛ ҚОБЫЗ», «ПРИМА ҚОБЫЗ», «БАЯН ЖӘНЕ АККОРДЕОН» НОМИНАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША XVIІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

2025 жылдың 8-9 сәуір күндері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультеті, «Қобыз және баян» кафедрасының ұйымдастырылуымен ЖОО білім алушылардың арасындағы «Қыл қобыз», «Прима қобыз», «Баян және аккордеон» номинациялары бойынша ХVІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өз мәресіне жетті. Комиссия құрамы консерватория ректорының 2025 жылғы «03» наурыздағы №46-П бұйрығымен бекітілді.

ХVІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы және К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері қатысып, өнерлерін көрсетті. «Қыл қобыз» номинациясы бойынша қатысушылар саны – 5, «Прима қобыз» – 7, «Баян және аккордеон» – 9. Жалпы қатысушылар саны – 21.

ХVІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада қорытындысы бойынша келесі қатысушылар марапаттарға тағайындалды:

 

«Қыл қобыз» номинациясы:

І-орын

Алтынбекова Гауһар, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, оқытушысы – Ақажан Бақжол

ІІ-орын

Абилхасенова Назерке, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, оқытушысы – Карсакбаева Айгерім

Камитова Мунира, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, оқытушысы – Ақажан Бақжол

ІІІ-орын

Қабылқақова Нұрай, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, оқытушысы – Сайжан Алмат

 

«Прима қобыз» номинациясы:

І-орын

Бауыржанқызы Елдана, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, оқытушысы – Шегебаева Назым

ІІ-орын

Ақылбек Амина, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, оқытушысы – Масымханова Акторгын

Самиғолла Бекзада, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, оқытушысы – Аргынова Амина

ІІІ-орын

Жақсылық Ақтолқын, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, оқытушысы – Масымханова Акторгын

Акжунусова Айдана, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, оқытушысы – Мусаходжаева Раушан

Кәрім Балауса, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, оқытушысы – Аргынова Амина

 

«Нұрғиса Тілендиев» атындағы арнайы диплом:

Сейтбаева Даяна, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, оқытушысы – Ғабдрахимова Ғазиза

 

«Баян және аккордеон» номинациясы:

І-орын

Сагадиев Рашид, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, оқытушысы – Гайсин Анатолий

ІІ-орын

Лесов Дархан, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, оқытушысы – Смакова Зауре

Сарамбетов Кирсан, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, оқытушысы – Гайсин Анатолий

ІІІ-орын

Талапұлы Қайрат, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, оқытушысы – Смакова Зауре

Утеу Арсен, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, оқытушысы – Гайсин Анатолий

Нуруллаев Бақдаулет, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, оқытушысы – Толқынхан Самғар

 

 

Альбомдарға оралу