Menu HELPDESK

10 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Ғылым апталығы аясында Халық музыкасы факультетінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі музыканың құндылығы.

10 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Ғылым апталығы аясында Халық музыкасы факультетінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі музыканың құндылығы. Қазіргі заманғы интерпретациялар мен шығармашылық жаңалықтар» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Қазақтың 1000 әні» атты құнды жинақтың 100 жылдығына арналды.

Дөңгелек үстелде оқытушылар, зерттеушілер және жас орындаушылар бас қосты. Онда Александр Затаевичтің қазақ музыкалық мұрасын жүйелеуге қосқан үлесі, көне аспаптарды қалпына келтіру мен сақтау мәселелері, дәстүрлі музыканың білім беру жүйесіндегі рөлі,  мұрамызды интерпретациялау және оны шығармашылық тұрғыдан зерттеудің заманауи әдістері сияқты көптеген мәселелер қаралды.

Өткізілген дөңгелек үстел дәстүрлі музыка біздің мәдени бірегейлігіміздің маңызды әрі  қасиетті элементі екенін тағы бір дәлелдеді.

 
 
Альбомдарға оралу