11 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Бүгінгі музыкалық түркологи: мәселелер мен перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Б. Қарақұлов атындағы Түркі мәдениеті мен мұрасын зерттеу орталығының сал
11 сәуір 2025
11 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Бүгінгі музыкалық түркология: мәселелер мен перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Б. Қарақұлов атындағы Түркі мәдениеті мен мұрасын зерттеу орталығының салтанатты ашылуы өтті.
Жаңа орталық түркі халықтарының бай музыкалық мұрасын тереңінен зерттейтін, жүйелейтін және оны әлемге танытатын бірегей ғылыми-мәдени алаңға айналады.
Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова құттықтау сөзінде: «Өнертану ғылымдарының докторы, профессор, музыкатанушы, фольклортанушы Болат Ишанбайұлы Қарақұловтың есімін ұлықтаған бұл Орталық жас түркітанушы ғалымдар үшін білім мен тәжірибе алмасатын зияткерлік алаңға, олардың ғылыми ізденістерінің өзегіне айналары сөзсіз», деді.
Осы маңызды оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз және орталыққа жемісті де нәтижелі жұмыс атқаруды тілейміз!

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024