Menu HELPDESK

14 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында аты аңызға айналған америкалық музыкант Фрэнк Маккомбпен шығармашылық кездесу өтті.

14 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында аты аңызға айналған америкалық музыкант Фрэнк Маккомбпен шығармашылық кездесу өтті.

Cоул, джаз және фанк музыкасы әлемінде кеңінен танымал Фрэнк Маккомб көрермендерімен сұхбаттасып, өзінің шығармашылық жолы, музыкаға деген көзқарасы мен әлемдік сахнадағы тәжірибесімен бөлісті. Жылы әрі еркін атмосферада студенттер мен қонақтардың сұрақтарына жауап беріп, кездесу соңында жас музыканттармен бірге нағыз jam-session өткізді.

Кездесу қатысушылар үшін шабыт сыйлаған ерекше оқиғаға айналып, қазіргі заманның дарынды шеберлерімен тікелей байланысудың маңыздылығын көрсетті. Фрэнк Маккомбке ұмытылмас кездесу үшін алғысымызды білдіреміз!
 
 
Альбомдарға оралу