Menu HELPDESK

8 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында Гүлнұр Саргизованың Prime Qobyz атты жеке концерті өтті.

8 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында Гүлнұр Саргизованың Prime Qobyz атты жеке концерті өтті.

 Кеш тарихы тереңде жатса да, үні мәңгілік жасайтын – қобыз аспабына арналды. Концертте студенттік халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті, дирижёрлік пультті ҚР мәдениет саласының үздігі  А. Азбаев пен республикалық байқаулардың лауреаты С. Мұхтар басқарды.

Кештің құрметті қонақтары - Қазақстанның халық әртісі А. Үлкенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері М. Ғабдиев, ҚР мәдениет саласының үздігі А. Қарсақбаева, сондай-ақ республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Д. Базарбаева-Сахаман, Б. Мурзабекова, А. Рысбек, А. Алпысбаева және А. Асанбаева.

Концерт консерваторияның музыкалық өміріндегі жарқын оқиғаға айналып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен шығармашылық шабыт сыйлады.

 
 
Альбомдарға оралу