Әдістемелік семинар
16 сәуір 2025
2025 жылдың 17 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Оқу-әдістемелік жұмыс және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Мәшімбаева Айнұр Жақыпәліқызының ұйымдастыруымен Zoom платформасы арқылы «Республикалық оқу-әдістемелік кеңеске «Өнер» бағыты бойынша ұсыналатын әдебиеттерді рәсімдеу жолдары» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты – Оқытушы-профессорлық құрамға РОӘК-ке ұсынылатын әдістемелік еңбектер мен оқу құралдарының мазмұны мен техникалық рәсімдеу жолдарына бағыт беру, Оқу-әдістемелік әдебиеттер туралы дайындалған арнайы ереже туралы ақпарат беру болды. Семинарға Консерваторияның профессорлық-оқытушылық құрамы, кафедра өкілдері мен әдіскер мамандар қатысты.
Семинар барысында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Әбдірахман Гүлнар Бақытқызы оқу-әдістемелік материалдарды дайындау мен ұсыну тәртібі бойынша арнайы презентация жасады. Сондай-ақ семинарға Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғалым хатшысы Гизатова Гүлнар Бисенгалиевна қатысып, профессорлық-оқытушылық құрамға оқу-әдістемелік әдебиеттерді Республикалық оқу-әдістемелік кеңеске ұсыну талаптарын түсіндіріп берді. Семинар аясында Құрманғазы атындағы ҚҰК тарапынан ұсынылған оқу-әдістемелік әдебиеттердің тақырыптары талқыланды.Семинар соңында қатысушыларға оқу құралдарын дұрыс рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар ұсынылды.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024