"Композиция" мамандығы бойынша өткен олимпиада нәтижелері
2025 жылдың 7-8 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 6В02111 – «Композиция» мамандығы бойынша XVII Республикалық пәндік студенттік олимпиада және XVI Республикалық кіші олимпиада өтті.
Қазылар алқасының құрамында жетекші мамандар, атап айтқанда - төрағасы Братиславадағы (Словакия) Орындаушылық өнер академиясының доценті, өнер докторы, композитор Марьян Заварский, ал құрамында музыкатанушы Петер Мартинчек (Словакия), профессор Бейбит Дальденбай, доцент Ермек Умиров және оқытушы Санжар Байтереков болды.
Үлкен олимпиадаға 9 студент қатысып, тыңдаулар нәтижесінде төмендегідей марапаттар тағайындалды:
• І дәрежелі диплом: Жаңабаев Мадияр (Құрманғазы атындағы ҚҰК, жетекшісі Байтереков С.С.)
• ІІ дәрежелі дипломдар: Константинов Леонид (Құрманғазы атындағы ҚҰК, жетекшісі Байтереков С.С.), Рашитов Темерлан (К. Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ, жетекшісі Абдинуров С.К.)
• ІІІ дәрежелі дипломдар: Жұмаділда Асылжан (К. Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ, жетекшісі Джамбаев А.К.), Табиев Данил (Құрманғазы атындағы ҚҰК, жетекшісі Умиров Е.К.), Тоимбеков Даниял (К. Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ, жетекшісі Останкович Д.В.)
Кіші олимпиадаға Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген колледждер мен арнайы өнер мектептерінен 27 студент қатысты. Олимпиада нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
• І дәрежелі диплом: Тафатулин Марлен (Қарағанды қаласы, Тәттімбет атындағы өнер колледжі, жетекшісі Сутюшев М.Х.)
• ІІ дәрежелі дипломдар: Муратов Санжар (А. Жубанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты, жетекшісі Бекжигитова А.М.), Аулбек Айгерім (ҚазНУИ колледжі, жетекшісі Останькович М.А.)
• ІІІ дәрежелі дипломдар: Алифирова Полина (ШҚО, Абдуллиндер атындағы өнер училищесі, жетекшісі Кудинова Н.В.), Қалаубай Бекзат (Маңғыстау облысы өнер колледжі, жетекшісі Абылай М.Ж.), Дастан Елнар (К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты, жетекшісі Шильдебаев К.А.)
Олимпиадалар талантты жас композиторларды анықтап, қолдау көрсетуге, сондай-ақ еліміздің кәсіби білім беру ұйымдары арасында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаңдарға айналды. Ұйымдастырушылар барлық қатысушылар мен жетекшілерге жоғары кәсіби деңгей мен өнерге деген адалдығы үшін алғыс білдіреді.

