Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 28–30 сәуір аралығында Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) аккредитациялық комиссиясы жұмыс жүргізуде.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 28–30 сәуір аралығында Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) аккредитациялық комиссиясы жұмыс жүргізуде.

Аккредитация жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейде – магистратура және докторантураның барлық білім беру бағдарламалары бойынша өтуде. Комиссия өз жұмысында академиялық қызметтің, білім беру сапасы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі қырларын қамтыды.

Екі күн ішінде олар оқу орнымыздың барлық деңгейдегі басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен, білім алушылармен, сондай-ақ стейкхолдерлер және түлектермен кездесіп үлгерді. Кездесу барысында жетістіктер мен болашақ перспективалар, даярлық сапасы және түлектердің кәсіби жолы талқылануда.

Комиссия мүшелеріне мазмұнды диалог, мұқият көзқарас пен кәсіби баға бергені үшін алғысымызды білдіре отырып, нәтижелі жұмыс тілейміз!
 
 
Альбомдарға оралу