Menu
info@conservatoire.kz

Title

ДАЙЫНДЫҚ КУРСТАРЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ


Қажетті құжаттар тізімі

Дайындық курсына түсушілерге қойылатын емтихан талаптары

(түсу емтихандарын қашықтықтан өткізу түрінде)


МАМАНДЫҚ БОЙЫНША (ОНЛАЙН) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ

1.     Орындаушы берілген талаптар бойынша бағдарламасының видео нұсқасын (монтаждалмаған, қосалқы оранжировка жасалмаған, қосымша аудио желісі қолданылмаған) You Tube арнасына жүктеп, 1 сілтемемен  t.exams2020@mail.ru электронды поштасына 24 тамызға дейін жіберу қажет. Видеотүсірілім түсіру барысында өшіріп, қайта қосуға тиым салынады.

2. Талапкерлердің бейнежазбаларының сапасы жақсы болуы керек (талапкер жіберілген бейнежазбаның дыбыс сапасына өзі жауап береді), орташа қашықтықта, қолдары, аяқтары және тұтастай орындаушының қол қойылымы (постановка) жақсы көрінуі тиіс.

3.     Жазбасына (описание) талапкердің аты-жөні, оқу-орны, телефон нөмірі, орындайтын шығарманың атын жазып қою маңызды.



«ВОКАЛДЫҚ ӨНЕР»

  I.    Мамандық

1-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Романс немесе кез келген халық әнін орындау

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Ескі ария

  • Классикалық романс (қазақша, орысша, батыстық)

  • Қазақ халық әні

 

II.   Музыка теориясы

1-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Музыкалық қабілеттердің диагностикасы (ырғақ, есту, жады)

 

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу

  • Қарапайым музыка теориясы бойынша коллоквиум

 

«ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР»

«Домбыра»

I.    Мамандық

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Қазақстандық композиторлардың шығармалары

  • Әртүрлі сипаттағы 2 күй (төкпе, шертпе)

 

II.  Музыка теориясы

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу

  • Бір тоналды кезең, секвенция ойыны

 

«Үшішекті аспаптар»

 

I.    Мамандық

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Ірі формадағы шығарма (концерт, соната және т.б.)

  • Қазақстандық композиторлардың шығармалары

  • Күй (шертер үшін)

 

II. Музыка теориясы

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу

  • Бір тоналды кезең, секвенция ойыны

 

«Қылқобыз»

I.    Мамандық

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Қазақстандық композиторлардың шығармалары

  • Қорқыттың күйі (өз таңдауы)

  • Ықыластың күйі (өз таңдауы)

 

II.Музыка теориясы

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу

  • Бір тоналды кезең, секвенция ойыны

 

«Прима қобыз»

I.    Мамандық

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Ірі формадағы шығарма (концерт, соната және т.б.)

  • Қазақстандық композиторлардың шығармалары

 

II.  Музыка теориясы

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу

  • Бір тоналды кезең, секвенция ойыны

 

«Баян, аккордеон»

I.    Мамандық

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Ірі формадағы шығарма

  • Халық музыкасын өңдеу немесе Қазақстан композиторларының шығармасы


II.  Музыка теориясы

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу

  • Бір тоналды кезең, секвенция ойыны

 

«Фольклорлық аспаптар»

I.    Мамандық

1-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • 2 түрлі сипаттағы күй

 

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Қазақстандық композиторлардың шығармалары

  • 2 түрлі сипаттағы күй

 

II.  Музыка теориясы

1-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Музыкалық қабілеттердің диагностикасы (ырғақ, есту, жады)

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу

  • Бір тоналды кезең, секвенция ойыны

 

«Халық әні»

I.    Мамандық

1-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Халық әні

  • Халық композиторларының әні немесе терме-толғау

 

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Халық әні

  • Халық композиторларының әні немесе терме-толғау

  • Қазіргі композиторлардың әні

 

II.  Музыка теориясы

1-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Музыкалық қабілеттердің диагностикасы (ырғақ, есту, жады)

 

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу

  • Қарапайым музыка теориясы бойынша коллоквиум

 

«ДИРИЖЕРЛЕУ»

«Хорды дирижерлеу»

I.    Мамандық

1-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Екі маршты дирижерлеу

  • Кіші формадағы шығармаларды (инвенция, этюд, пьеса және т. б.) фортепианода жатқа ойнау

  • Есту талдауы (интервалдар)

  • Қарапайым музыка теориясы бойынша коллоквиум

 

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Біртекті құрамға арналған екі қарапайым хорды дирижирлеу (біреуі – acappella, екіншісі – сүйемелдеумен)

  • Хор партитурасын фортепианода және комиссия таңдауы бойынша кіші формадағы (инвенция, этюд, пьеса және т.б.) фортепианолық шығармаларды ойнау (жатқа)

  • Есту талдауы (интервалдар, аккордтар)

  • Қарапайым музыка теориясы бойынша коллоквиум

 

II.  Музыка теориясы

1-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Қарапайым музыка теориясы бойынша коллоквиум

 

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу

  • Бір тоналды кезең, секвенция ойыны

               

«Оркестрлік дирижерлеу»

I.      Мамандық

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Екі түрлі сипаттағы шығармалармен дирижерлеу (симфонияның бір бөлігі, увертюра, поэма)

  • Комиссияның таңдауы бойынша шығарманы фортепианода ойнау (жатқа)

  • Есту талдауы

 

II.  Музыка теориясы

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу

  • Бір тоналды кезең, секвенция ойыны

 

«Опералық-симфониялық дирижерлеу»

I.    Мамандық

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Екі түрлі сипаттағы шығармалармен дирижерлеу (симфонияның бір бөлігі, увертюра, поэма)

  • Комиссияның таңдауы бойынша шығарманы фортепианода ойнау (жатқа)

  • Есту талдауы

 

II. Музыка теориясы

  • Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу

  • Бірінші дәрежелі туыстық модуляция, секвенция ойыны

 

«КОМПОЗИЦИЯ»

I.    Мамандық

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  •     Кіші формадағы жанрлардың шығармасы:

аккомпанементпен авторлық мелодия;

вокалдық шығарма (ән, романс және т. б.);

кез-келген түрдегі аспаптық пьеса.

Шығармалар міндетті түрде орындалған (аудио/бейне жазба), жазбаша ноталық мәтін түрінде ұсынылады. Авторлық шығармаларға жазбаша түрде шығарманың ойы, музыканың сипаты, музыкалық құралдар мен аспаптарды таңдау, үндестігі және т. б. түсіндірме беріледі.

 

II.Музыка теориясы

  • Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу

  • Бірінші дәрежелі туыстық модуляция, секвенция ойыны


«МУЗЫКАТАНУ»

I.    Мамандық

2-ші дайындық курсына түсушілерге:

  • Қазақ, батыс еуропалық, орыс-кеңестік музыка бойынша коллоквиум

  • Фортепианода музыкалық фрагменттерді ойнау (қазақ, батыс еуропалық, орыс композиторларының шығармаларынан кем дегенде 10 фрагмент)

 

II. Музыка теориясы

  • Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу

  • Бірінші дәрежелі туыстық модуляция, секвенция ойыны

 

 

«АСПАПТЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ»

«Ішекті аспаптар»

I.    Мамандық

1-ші және 2-ші дайындық курсына түсушілер үшін:

  • Ірі формадағы шығарма

  • Гамма (штрихтар, арпеджио, қос ноталар)

 

II.  Музыка теориясы

1-ші және 2-ші дайындық курсына түсушілер үшін:

  • Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу

  • Бір тоналды кезең, секвенция ойыны

 

«Үрмелі және ұрмалы аспаптар»

І. Мамандық

2-ші дайындық курсына түсушілер үшін:

  • Түрлі сипаттағы 2 пьеса

  • Гамма 4 белгіге дейін, этюд

 

ІІ. Музыка теориясы

2-ші дайындық курсына түсушілер үшін:

  • Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу

  • Бір тоналды кезең, секвенция ойыны

     

«Фортепиано»

І. Мамандық

2-ші дайындық курсына түсушілер үшін:

  • ЖТК-дан прелюдия және фуга

  • Классикалық сонатаның бөлігі (І бөлім немесе ІІ-ІІІ б.)

  • Этюд


ІІ. Музыка теориясы

2-ші дайындық курсына түсушілер үшін:

  • Сольфеджио бойынша номерді парақтан оқу

  • Бір тоналды кезең, секвенция ойыны


Дайындық курсы бойынша түсу емтихандарының кестесі 

 

ОҚУ ҚҰНЫ:

Дайындық бөлімі (1 курс)–490404 тг.

Дайындық бөлімі (2  курс)–520293 тг.