Menu HELPDESK

Арт-менеджмент

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚҰК АЯСЫНДА ӨТЕТІН «АРТ-МЕНЕДЖМЕНТ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША XIV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА (2022)



  2022 ЖЫЛҒЫ ҚР БҒМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУҒА АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕ

  6В02123 – «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша

Өтетін күні: 4-5 сәуір 2022 ж.
Өтетін орны: РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы»
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы».

Мақсаты: ҚР-ның жоғарғы оқу орындары арасында өткізілетін Студенттік Олимпиада «ҚР-дағы жастар жылы» аясында:

-   Болашақ мамандардың кәсіби шеберліктерін дамыту;
-   Студенттердің білім алуға құштарлығын арттыру;
-   Талантты және дарынды студенттерді анықтау;
Қатысушыларға қойылатын талаптар: Республикалық студенттік пәндік олимпиада ережелерінің талаптарына сәйкес қатысушы келесі құжаттарды (сканерленген құжаттарды e-mail арқылы жіберу) ұсынуы тиіс: құжаттардың түпнұсқалары өзімен бірге болуы тиіс):
- Өтінім;
- Олимпиаданың бірінші кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе студентті Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңіне жіберу туралы ЖОО Ғылыми кеңесінің хаттамасынан үзінді;
- Жеке куәліктің көшірмесі (екі жағынанда);
- 3*4 фото (электрондық нұсқасы);
- Жобаның нақты тақырыбын көрсетумен толтырылған өтінім парағы (міндетті түрде Microsoft Word форматында).
Алдын ала өтінімдерді немесе құжаттарды 2022 жылдың 1 сәуір айынан кешіктірмей, ұсынбаған қатысушылардың тізімі қарастырылмайды.

 
    ӨТКІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ:

1 кезең (ЖОО ішінде іріктеу кезеңі) – ЖОО базасында өткізіледі.
2 кезең (ҚР ЖОО аралығында) – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының базасында өткізіледі.

 
  ОЛИМПИАДАНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІН (ҚР ЖОО АРАЛЫҚ) ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ: 

1. Өнер саласындағы жобаның тұсаукесері;
2. Пікірталас клубы.


ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

-  Өнер саласында жобаларды ұйымдастыру (концерттер, фестивальдар, конкурстар, көрмелер, вернисаждар және т.б.).
-  Өнер саласындағы топтар және орындаушыны таныстыру жобасы.
-  Шығармашылық ұжымның немесе орындаушының гастрольдік сапарын ұйымдастыру.
-  Арт-индустрия саласындағы еркін тақырып.

 

  ЖОБА ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ:

-  Жоба студенттердің бизнес-жоспарлармен, соны жобалау көздерімен жұмыс істеуін және автордың шығармашылық іс-шараларды жобалау негізінде өзінің көзқарасын көрсетуі тиіс. Жобаны дайындау кезінде Қазақстанның мәдениет және кәсіпкерлік саласында болып жатқан өзгерістерді ескеру қажет.(жобаның нысаны қоса беріледі);
-  Жобаның тұсаукесері Microsoft Office Power Point бағдарламасында ұсынылуы тиіс.
-  Презентация ұзақтығы 7-10 минуттан аспауы тиіс.
  

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

ЖОБАНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ (ЖАЛПЫ БАҒАЛАУ - 70 %):

1. Тақырыптың арт-бизнес мәселелеріне сәйкестігі.
2. Презентацияның негізгі идеяларын бөліп қарастыру (мазмұны, әлеуетті демеушілердің қызығушылығының артуы).
3. Жоба материалының, презентацияның бірегейлігі. Презентацияның дизайны.
4. Жобаның дәлелді зерттеулермен және оңтайлы есептермен негізделуі.
5. Менеджмент принциптерін жоба жағдайында сауаттылықпен қолдану.
6. Материалды баяндау сауаттылығы, сөйлеу стилі.


  2. ПІКІРТАЛАСТЫҚ КЛУБ

Пікірталастық клубта студент өзінің арт-менеджердің когнитивті, функционалдық, тұлғалық, этикалық құзыреттіліктерін көрсетуі тиіс. 


ЖАЛПЫ БАҒА – 100 балл.


 
ОЛИМПИАДА ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:

Республикалық олимпиадаға төмендегі музыкалық мекемелердің "Арт-менеджмент" мамандығының 1-4 курс студенттері қатыса алады:


1. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (Алматы қаласы);
2. Қазақ ұлттық өнер университеті (Нұр-Сұлтан қ.);
3. Т. Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Алматы қ.);
4. Қазақ ұлттық хореография академиясы (Нұр-Сұлтан қ.);
5. Қазақстан Республикасы ЖОО-ның музыкалық факультеттері.

 

Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың өткен жылдардағы І орынға ие болған лауреаттары олимпиадаға қатыса алмайды.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Республикалық олимпиаданың лауреаттары атағына ие болады және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің қолтаңбасы қойылған I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Әділқазылар алқасының қорытынды шешімі қайта қарастырылмайды.


Өтінім