Menu HELPDESK

Консерваторияның аралас хоры

Студенттік аралас хор 1944 жылғы 1 қазанда құрылды. Бірінші жетекшісі Лебедев Б.В.(1910-1976)– көрнекті дирижер, оқытушы және қоғам қайраткері, Қазақстандағы хор өнерінің негізін қалаушы. Бірнеше жылдар бойы Г.Е.Виноградов, Б.М. Ляшко, Б.С. Кутунов, Ж.А. Байысбаев, Т.Н. Нурымбетов, Л.А. Айдарбекова, В.Э. Шиллер хордың дирижері болды.

2006 жылдың кыркүйек айынан бастап хорды Тұңғыш Президент Қорының Лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рудковский Ян Станиславович басқарады.

Ұжым - С.И.Танеев атындағы орыс және советтік хор музыкасының Екінші Бүкілодақтық фестивалінің дипломанты (1983ж.), Республикалық хор фестивалінің лауреаты (1992ж.), Халықаралық хор музыкасы фестивалінің лауреаты (2001ж.), Крым қаласында өткен VI Халықаралық жастар және студенттер шығармашылық фестивалі (2008ж.) және екі алтын дипломның иегері, Венеция қаласында өткен «Venezia in musica» беделді халықаралық хор конкурсының«Конкурс шығармасының ерекше орындалуы» арнайы сыйлық иегері (2009ж.), Қытайда өткен халықаралық «World Choir Games -2010» конкурсының алтын медаль иегері, Вена қаласында өткен Франц Шуберт атындағы халықаралық хор ұжымы конкурсының екі алтын диплом иегері (2012ж.).

Ұжымның гострольдік географиясы Астана, Павлодар, Ақтөбе, Пекин (Қытай), Будапешт, Сольнок, Дьёр (Венгрия) қалаларын қосады. Консерватория хор ұжымының көрнекі және эмоционалды ынта-жігерлі өнер көрсетуітыңдаушылардыңайтуы бойынша жетекшінің кәсібилік және харизма үйлесімінде деп ерекше атап өтті.

Әртүрлі дәуірлердің, стильдер мен жанрлардың хорлық шығармаларынан тұратын кеңейтілген, үнемі толықтырылған репертуардың арқасында, студенттік аралас хор консерваторияның концерттік іс-шараларының айнасы.