Menu HELPDESK

Қажетті құжаттар тізімі

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дайындық бөліміне түсу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:
1) қабылдау туралы өтінішформа бойынша;
2) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және оған қосымша;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) 3x4 өлшемді 6 фотосурет;
5) мекенжай анықтамасы;
6) медициналық құжаттар:
* 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
* 063 нысанды егу картасы;
* рентгенологтың мөрі бар флюрокадр;
(Мүгедектігі бар түсушілер медициналық құжаттарды С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің біріккен университеттік клиникасында куәләндіруі қажет)
7) Тіркеу куәлігінің көшірмесі.


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дайындық бөлімдеріне түсу үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар келесі құжаттарды ұсынады:
1)  қабылдау туралы өтініш форма бойынша;
2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының мемлекеттік және/немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған (немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінде куәландырылған) аудармасы;
3) Білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) 3x4 өлшемді 6 фотосурет;
5)бұйрықпен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама.
6) 063 нысанды егу картасы;
7) рентгенологтың мөрі бар флюрокадр;
8) ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі қалалық орталықтан анықтама (Алматы қаласы, Бәсенов көшесі 2).


Карантинге байланысты құжаттарды pk2020.knk@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылдаймыз.