Menu HELPDESK

«Ғафура Бисенова және отандық музыкатану» атты дөңгелек үстел өтті

2024 жылдың 10 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Музыка өнері мен біліміндегі тұлға, дәстүр, мәдениет» ғылым апталығы аясында музыкатану және композиция кафедрасы Ғафура Нұрғалиқызы Бисенованың 100 жылдығына арналған «Ғафура Бисенова және отандық музыкатану» атты дөңгелек үстел өткізді. 

Белгілі музыкатанушы, өнертану кандидаты, көптеген жылдар бойы консерваторияның ғылым жөніндегі проректоры қызметін атқарған Ғ. Н. Бисенова қазақ музыка ғылымының негізін қалаушылардың қатарына жатады. Оның ғылыми мұрасы арасында қазіргі заманғы музыкалық абайтанудың негізін қалаған «Абайдың ән шығармашылығы» (1995 ж.) монографиясы ерекше орын алады.









Альбомдарға оралу