Menu HELPDESK

Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған «Тірі болсам қазаққа қызмет етпей қоймаймын» атты ашық сабақ өтті



Жақында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Арт-менеджмент» кафедрасының оқытушысы А.Оспанованың бастамасымен және 1 курс студенттерінің атсалысуымен ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының көсемі, қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының ұйымдастырушысы әрі көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған «Тірі болсам қазаққа қызмет етпей қоймаймын» атты ашық сабақ өтті.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – Ұлт көсемі Алашордадағы алғашқы Қазақ ұлттық үкіметінің басшысы, сондай-ақ, талантты публицист, ғалым, аудармашы.
Ашық сабақ барысында Ә.Бөкейхановтың өмірі, қоғамдық-саяси және ғылыми қызметіне байланысты тақырыптар тереңнен қозғалды. Қазақ зиялылары өкілінің өміріне консерватория жастары үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өткен жөн. Аталмыш іс-шара консерватория жатақханасының Акт залында, офлайн форматында өткен болатын.
Ұлттық рухты көтеруге бағытталған мұндай іс-шаралар жастардың бойындағы патриоттық сезімді оятуға, сонымен қатар ата-бабаларының ұрпақ үшін жасаған ерен еңбектерін бағалауға әрі солардай ерік-жігері мықты, батыл да батыр болуға үндейтіні сөзсіз.










Альбомдарға оралу