Menu HELPDESK

Консерваторияда “Ұлттық спорт күні” атап өтілді

Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен белгіленген “Наурызнама” тұжырымдамасы аясындағы Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін кең көлемде тойлау мақсатында 20 наурыз “Ұлттық спорт күні” болып бекітілген болатын. Осыған орай, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында “Қош келдің, әз Наурыз” тақырыбымен мерекелік іс-шара болып өтті.

Өнер-білім ордасының ұжымы мен студенттерінің жоғары деңгейде ұйымдастыруымен өткен іс-шара шымылдығын консерватория ректоры Н.Н.Аширов құттықтау сөзбен ашты.

Руханиятымыз бен ұлттық құндылығымызды дәріптейтін Наурыз мерекесінде ән мен жырдан шашу шашылып, күмбірлете күй төгіліп, ұлттық спорт ұлықталды. Атап айтсақ, тоғызқұмалақ, асық ату, ләңгі тебу, арқан тартыс секілді ұлттық ойындар ойнатылды.























Альбомдарға оралу