Menu HELPDESK

«Өнер мен өмірдегі қолтаңба» атты кураторлық сағат өтті



2024 жылдың 28 ақпанында консерваторияның А.Жұбанов атындағы концерт залында кураторлық сағат аясында Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Өнертану ғылымдарының магистрі, композитор, Нұрқасымов Болатбек Боранбайұлымен кездесу өтті.
Кураторлық сағатты консерваториямыздың Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы ашып, арнайы келген қонақтарды студенттерге таныстырды.

Кездесу қонағы өз шығармашылық жолы, өнерде қалай жетістікке жеткені, межелеп отырған биік-биік мақсаттары туралы баяндап, студент жастармен пікірлесіп, олардың түрлі бағыттағы сұрақтарына жауап беріп қызықты сұхбат құрды.

Шығармашылықта өзіндік қолтаңбасын тауып, жетістікке жеткен өнерпаздардың өмірімен танысып, олармен сыр-сұхбаттар жасап тұру - консерватория студенттері үшін маңызды шаралардың бірі.

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Мұхамбет Ашхатұлы мұрындық болып жүрген осындай бағыттағы басқосулар өткізу өнер-білім ордасының қабырғасында үрдіске айналған. 
Қонақтарымызға алғыс білдіріп, шығармашылық табыстарының мол болуын тілейміз.












Альбомдарға оралу