Menu HELPDESK

“Ұрмалы аспаптар” класс студенттерінің концерті болып өтті

2024 жылдың 13 наурызында А.Жұбанов атындағы Кіші концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған “Ұрмалы аспаптар” класс студенттерінің концерті болып өтті. 

Концерттік бағдарлама барысында ұлағатты ұстаздар ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Өтеуов Мұхтар Жамашұлының, Ботабаев Қанат Тұңғышбайұылының және Абдрашев Илияс Бахтиярұлының шәкірттері шетел және отандық композиторлардың шығармаларын орындады. Сонымен қатар, К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ оқушылары, республикалық конкурстардың жүлдегерлері Қазбаев Тәңірхан мен Тегжанов Тимур өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді.

Концертмейстерлер: Скрипченко Елена, Темірғалиева Айым.





Альбомдарға оралу