Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттері Қазан мемлекеттік консерваториясына оқуға жіберілді

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері арнайы конкурстан өтіп, 2024 жылдың 17 ақпаны мен 20 маусымының аралығында стипендиясын сақтай отырып, республикалық бюджет есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша серіктес-ЖОО — Н. Г. Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясына (Қазан, Ресей) оқуға жіберілді. Семестр бойы білім алушылар шетелдік оқытушылардың әдістері мен білімдерін игере отырып, Татарстан астанасындағы бай көпұлтты мәдениетті зерттей алады. Студенттердің барлық шығындары республикалық бюджет есебінен өтеледі.

 

Консерватория байқауынан өткен студенттер:

Жолмағамбетов Әлинұр, 3-курс, «домбыра-прима» мамандығы;

Сергибаев Рахим, 3-курс, «баян» мамандығы.

 

Біз студенттерімізге оқу үдерісінде табыс және кәсіби музыкалық іс-шараларға қатысуын тілейміз. Сондай-ақ, Н. Г. Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясына сенімді, әрі ұзақ серіктестіктері үшін алғыс айтамыз. арнайы конкурстан өтіп, 2024 жылдың 17 ақпаны мен 20 маусымының аралығында стипендиясын сақтай отырып, республикалық бюджет есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша серіктес-ЖОО — Н. Г. Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясына (Қазан, Ресей) оқуға жіберілді. Семестр бойы білім алушылар шетелдік оқытушылардың әдістері мен білімдерін игере отырып, Татарстан астанасындағы бай көпұлтты мәдениетті зерттей алады. Студенттердің барлық шығындары республикалық бюджет есебінен өтеледі.

 

Консерватория байқауынан өткен студенттер:

Жолмағамбетов Әлинұр, 3-курс, «домбыра-прима» мамандығы;

Сергибаев Рахим, 3-курс, «баян» мамандығы.

 

Біз студенттерімізге оқу үдерісінде табыс және кәсіби музыкалық іс-шараларға қатысуын тілейміз. Сондай-ақ, Н. Г. Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясына сенімді, әрі ұзақ серіктестіктері үшін алғыс айтамыз.



Альбомдарға оралу