Консерватория жаңалықтары
Ең көне академиялық (ғылыми) баспалардың бірі Wiley & Sons (қысқаша атауы – Wiley) –Сізді 6 наурызда сағат 11:00 және 15:00 де «Wiley Online Library мүмкіндіктері» тақырыбында өтетін вебинарға шақырады.
Аталмыш вебинарға қатысу үшін төмендегі сілтеме бойынша тіркелу қажет.
2024 жылдың 5 наурызында консерваторияның А.Жұбанов атындағы концерттік залында «Халық әні» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық артисі, профессор Рамазан Стамғазы мен ҚР Мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы Эльза Қарабалинаның «Әуелеген әсем ән» атты класс-концерті болып өтті.
5 наурызда консерваторияның Ғ.Жұбанова атындағы камералық залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойына арналған Д.Д.Айдарханова мен Э.В.Пактың сыныптық концерті болып өтті.
2024 жылғы 5 наурызда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Консерватория әкімшілігінің Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Almaty Tourism Bureau өкілдері — MICE туризмді дамыту жөніндегі халықаралық кеңесші Елена Махуас және MICE туризм халықаралық департаментінің бас менеджері Лейла Ашимовамен жұмыс кездесуі өтті.
2024 жылғы 5 наурызда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Н. А. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясының ректоры, виолончель, арфа, контрабас және квартет кафедрасының профессоры, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі – Алекcей Васильевпен кездесу өтті.
2024 жылдың 4 наурызында консерватория қабырғасында музыка ғылымдарының докторы, Луизиана Монро университетінің (АҚШ) профессоры Диана Тэчермен шығармашылық кездесу (шебер-класс) өтті.
2024 жылдың 1 наурызында консерваторияның студенттері мен оқытушыларына арналған YouTube продюсері Александр Мелентьевтің дәрісі өтті, ол «YouTube саласындағы продюсерліктің құпиялары-алғашқы түсірілімнен бастап, миллион жазылушы мен Алтын түймесіне дейін» деп аталды.
2024 жылғы 29 ақпанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына елдер арасындағы шығармашылық білім беруді және мәдени байланыстарды бірлесіп дамыту мәселелерін талқылау үшін тоғыз адамнан тұратын «Санта Чечилия» Рим Мемлекеттік музыкалық консерваториясының делегациясы келді.