Menu HELPDESK

Ақихат Ләззаттың «Дәстүр ізімен» атты жеке концерті болып өтті



10 мамыр күні консерваторияның Шопен атындағы Камералық залында халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Ақихат Ләззаттың «Дәстүр ізімен» атты жеке концерті болып өтті.


Өнерпаз Ақихат Ләззаттың ұстазы профессор, Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген қайраткері Сахарбаева Кәрима Сүндетқызы. Концертмейстр Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Жанұзақова Сәуле Тельманқызы.


Аталмыш кешке арнайы қонақ ретінде «Құрмет» орденінің иегері, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор Райымбергенов Абдулхамит Ысқақұлы келіп қатысты.


Сондай-ақ концертте Нұрғали Әшімхан, Айымгүл Саматова, Мейірбек Әзімбаев, Жәнібек Мақатан, Рауан Тілеуқабылов, Азамат Жаңабек және Серік Жұмағали өз өнерлерін ортаға салды.







Альбомдарға оралу